Елдіктің төрі- Елорда

0

6 шілде – Елорда күні құрметіне орай, «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында салтанатты жиын болып өтті. Жиын барысында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков  барша жиылғандарды елдіктің төрі — Елорда күнімен құттықтап, оның мән-маңызына кеңінен тоқталды. 

Салтанатты жиында партия белсенділері Болатбек Дондаұлы, Галина Мороз бүгінде әлем таныған тәуелсіз Қазақстанның  Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуына, оның ғажайып қалаға айналуына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтіп, астанамыздың әлемге таныла беруіне тілектестігін білдірді.

Шара соңында  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының ұйымдық жұмысына белсене араласқан азаматтар мен партия қатарына жаңадан қабылданған жастарға марапаттар мен партиялық билеттер тапсырды.

Құдайберген Мамбетов,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.