Өркендей түс, өрлей бер өнер мектебі!

0

50 жылға жуық тарихы бар өнер ордасы Жаңатас қалалық балалар өнер мектебі тоқтаусыз шығармашылық пен білімді ұштастырып қызмет жасауда. Мектебіміз оқу жылын 300 баламен бастап, ұстаздар жоғары талаппен, ерен еңбекпен оқушылардан таңдаған тобын сауатты және әуенді жүрекпен көрерменге жеткізуге, сахнаға дайындайды. Сол сияқты көркемөнер бағытындағы мұғалімдер де өсіп келе жатқан жас суретшілердің де ой-қиялын дамытуда еш аянбай еңбек етті.

2018-2019 оқу жылдары мектеп үшін олжалы жыл болды. Оқу жылы барысында өткен әртүрлі деңгейдегі байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, халықаралық 7 түрлі  байқауларға 48 оқушы және оқушылар оркестрі қатысып, 4 бас жүлде, 11 бірінші орын, 2 екінші орын, 2 үшінші орынға ие болса, республикалық деңгейде өткен 12 түрлі байқауларға 104 оқушы қатысып, бас жүлдеге 10 оқушы, бірінші орынға 27 оқушы, екінші орынға 25 оқушы, үшінші орынға 13 оқушы ие болып, облысымыздың намысын қорғады. Ал, облыстық 5 түрлі байқауларға 5 оқушы және оркестр, ансамбль қатысып 4 екінші орын, 4 үшінші орын иеленіп ауданымыздың атын әйгіледі.

Биыл 52 оқушы оқу жылын өте жақсы бағамен аяқтап, 24 мамырда өткен салтанатты жиында мадақтама берілді. 2019 жылдың 18 маусым күні Жаңатас қалалық балалар өнер мектеп қабырғасынан 29 түлек ұшып шықты. Оның ішінде, Ақмолдаева Аружан, Смаил Шолпан сынды оқушылар осы сала бойынша білімін жалғастырмақ мақсаты бар.

Жаңа 2019-2020 оқу жылына өсіп келе жатқан жас өнерсүйгіш ұрпақты  мектепке қабылдау тамыз айы бойы жүріп, қыркүйекте жаңа серпінмен, жаңа шабытпен оқу жылын бастамақ жоспарымыз бар.

Айқанат Хұсайнова, Жаңатас қалалық балалар

өнер мектебі директорының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.