Құрметті ағайын!

0

Арыс қаласындағы орын алған апатты оқиға баршамыздың жанымызға батқаны анық. Апат айтып келмейді. Мұндайда көп болып көмек көрсетуге асығуымыз керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Зардап шеккен ел тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін Жамбыл облысында арнайы пункттер ашылғанын хабарлаймыз. «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы мен облыстағы барлық аудандық филиал қызметкерлері көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақыларын аударатын болады. Жұмыла жұдырық болып, қиын кезеңді ел боп еңсеруге шақырамыз!

Алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттар:

1.Гигиеналық заттар

2.Консервілер

3.Дәнді дақылдар мен макарон өнімдері, жеміс-жидектер

4.Су

5.Балаларға арналған киімдер

6.Көрпе және көрпешелер

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕНЖАЙДА ҚАБЫЛДАЙДЫ:

Сарысу ауданы – «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы.

Жаңатас қаласы, 3 мөлтек аудан, 2 «В»

Құлыбеков Қуаныш Қайратұлы, 8701 930 54 90, 8 (72634) 6-32-28

Қайырымдылық шара

Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Арыс қаласы тұрғындарының сұранысына сәйкес, Сарысу ауданы атынан іскер азаматтардың қолдауымен 200 қап ұн және 200 қап ас тұзы қайырымдылық ретінде ауданнан жөнелтілді.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.