ЗАКЛЮЧЕНИЕ ТРУДОВОГО ДОГОВОРА

0

В ТОО недавно принятый на работу специалист отдела кадров обнаружил, что имеется трудовой договор, заключенный на выполнение определённой работы с лицом, недостригшим 16 лет. В приложении к данному трудовому договору отсутствует письменное согласие одного из родителей.

Может ли такой договор считаться недействительным?

Заключение трудового договора с работниками, не достигшими шестнадцатилетнего возраста, осуществляется с письменного согласия одного из родителей, опекуна, попечителя или усыновителя. К таким работником могут относиться:

гражданами, достигшими пятнадцати лет, в случаях получения ими основного среднего, общего среднего образования в организации среднего образования;

учащимися, достигшими четырнадцатилетнего возраста, для выполнения в свободное от учебы время работы, не причиняющей вреда здоровью и не нарушающей процесса обучения;

с лицами, не достигшими четырнадцатилетнего возраста, в организациях кинематографии, театрах, театральных и концертных организациях, цирках для участия в создании и (или) исполнении произведений без ущерба здоровью и нравственному развитию с соблюдением условий, определенных подпунктом 2) настоящего пункта.

При заключении трудового договора с приведенными категориями несовершеннолетних работников наряду с работниками трудовой договор подписывается одним из его родителей, опекуном, попечителем или усыновителем.

В приведенном примере речь идет об оформлении трудовых отношений с работником, не достигшим шестнадцатилетнего возраста, с нарушением требуемой      законом процедуры оформления трудового договора для данной категории работников.

В соответствии с пунктом 3 статьи 31 Трудового кодекса Республики Казахстан трудовой договор, заключенный с лицом, не достигшим шестнадцати лет, без письменного согласия одного из родителей, опекуна, попечителя или усыновителя признается судом недействительным.

В сложившейся ситуации трудовой договор должен быть расторгнут на основании, предусмотренном в пункте 9 статьи 49 Трудового кодекса Республики Казахстан (нарушение условий заключения трудового договора). При этом признание трудового договора недействительным по вине работодателя не влечет за собой утраты бывшим работником права на оплату труда, компенсационную выплату за неиспользованные дни оплачиваемого ежегодного трудового отпуска, и иные выплаты.

С.Кобесов, государственный инспектор труда по Жамбылской  области

Мамандар кеңесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – уақыт талабы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бесінші бағыты «Ынтымақтастықты енгізу және қаржылық орнықтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру» аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық жүргізілуде.

Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерімен жалпыға бірдей қамту қағидаты негізінде денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін жетілдіру мүмкіндігі қаралатын болады. Денсаулық сақтауды қаржыландыру барлық әлеуметтік әріптестерді (мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар) тарту арқылы сараланады және саланың үнемі дамуы мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігі үшін жеткілікті деңгейде орнықты қамтамасыз етілетін болады.

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту медициналық көмек берудің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыруды болжайды, азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында бөлінеді, онда бұл ретте:

1) бірінші деңгей базалық пакетті немесе республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын ТМККК білдіреді, мұнда мемлекеттің міндеттемелерінің нақты шектері айқындалған;

2) екінші деңгей өзіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңна-масына сәйкес мемлекеттің жарналары, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің аудар-ымдары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қаржыландырылатын міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің қосымша пакетін немесе тізбесін қамтитын болады;

3) үшінші деңгей сақтандыру компаниялары мен жарналарды төлеушілер арасындағы ерікті шарттық негізде айқындалатын, азаматтардың немесе жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына төлейтін ерікті аударымдары есебінен қаржыландырылатын көрсетілетін қызметтердің жеке пакетін немесе тізбесін көздейтін болады.

МӘМС жүйесіне тұрақты қажеттілікпен және тұтынумен, басқарумен және болжаумен сипатталатын барлық негізгі медициналық көрсетілетін қызметтер, яғни күтпеген шамадан тыс тұтынудың айқын қаржылық тәуекелін туындатпайтын көрсетілетін қызметтердің кешені берілетін болады.

Бұл ретте мемлекет барлық халық үшін ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылатын және: МСАК, диагностикалық көрсетілетін қызметтері бар және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін шұғыл медициналық көмекті қамтитын ТМККК-ні қаржыландыру бойынша міндеттемелерді сақтай отыра, барлық азаматтар,оралмандар,ҚР тұрғылықты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін төмендегі тегін медициналық көмекке  кепілдік береді:

1.Жедел жәрдем және санитарлық авиация;

  1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

3.Шұғыл және жоспарлы стационарды алмастыратын  және стационарлық көмек   /ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізім бойынша/;

4.Паллиативтік көмек

  1. Консультивтік-диагностикалық көмек;

6.Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

7.Туберкулез дерті кезінде медициналық оңалту.

МӘМС пакеті жоспарлы стационарлық көмекті, ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қамтитын болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру /МӘМС/ пакетіне сақтандырылғандар үшін келесі медициналық қызметтер енгізілді:

1.Консультативтік-дәрігерлік көмек;

2.ТМКК пакетінен тыс ауруларды амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

3.ТМКК пакетінен тыс аурулар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

4.ТМКК пакетінен тыс аурулар кезінде жос-парлы стационарлық көмек;

5.ДСМ бекіткен тізім бойынша ересектер мен балаларға арналған медициналық оңалту.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.

Бұл мемлекеттік жүйе Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі.

Б.Бегманова, аудандық орталық аурухана бас дәрігері.

Балдың да талабы бар

Бал-гүл шірнелерінен, өсімдіктердің тірі бөліктерінің немесе ондағы тоғышарлық ететін жәндіктердің бөлінділерінен аралар өндірген өнім. Таза өнімді бал гүлді және шіре бал болып бөлінеді. Гүлді бал – ара гүл ішінен және гүлден алатын шәрбат.

Бал өнімі 2010 жылы 5 қарашада № 1160 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті Қазақстан Республикасында шығарылатын және тасымалданатын (импортталған) балға және ара шаруашылығы өнімдеріне таралады әрі өнімді өндіру, сақтау, айналымға шығару, кәдеге жарату және жою  кездегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы әкелінетін және айналымға жіберілген бал және ара өнімдері осы техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек, сондай – ақ оның қауіпсіздігі мен бақылануын растайтын құжаттармен сүйемелденуге тиіс.

Техникалық регламентте сапа бақылауы органалептикалық көрсеткішпен анықталады ә) хош иісі жағымды, әлсізден күштіге  дейін, бөгде иісі жоқ; б) дәмі тәтті, жағымды, бөгде дәмі жоқ және физика – химиялық  көрсеткіші пайызбен құрғақ затқа абсолютті редукциялайтын қанттың массалық үлесі 82-ден кем емес, сахорозаның массалық үлесі 6–дан артық емес, диастазалық саны 7–ден кем емес Готе бірлік, оксиметил – фурфоролдың 25мг артық емес болуы керек. Механикалық қосындылары мен ашу белгілеріне жол берілмейді.

Балды тікелей күн сәулесі радиациясынан қорғалған үй–жайларда сақтайды. Балды улы, шаң көтеретін өнімдермен және балға оның өзіне тән емес иіс сіңдіруі мүмкін өнімдермен бірге сақтауға болмайды. Қойма, үй – жайларын таза ұстау керек, ұдайы дизенфекция және дератизация жүргізіп отыру керек. Бал мен ара шаруашылығы өнімдерін өндіруді сақтау, тасымалдау шарттары сақталған жағдайда белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде олардың қауіпсіздігі үшін жауапты болады.

Бал мен ара шаруашылығы өнімдерінің ыдысына, оларды буып – түюге және таңбалауға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің 2008 жылғы  21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген  «Буып-түюге, таңбалауға, зат белгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Бал мен ара шаруашылығы өнімдерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ерікті түрде жүзеге асырылады.

Техникалық регламентпен толығырақ Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында https://www.memst kz/tr80.php танысуға болады.

А.Тажбенова, техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы

ХАБАРЛАНДЫРУ

2019 жылы 20 маусым күні сағат 11-00 де  «Архивтік анықтама беру» бойынша «Ашық есік күні» өтетінін хабарлайды.

Келушілердің барлық сауалдарына  архив қызметкерлері толық түсініктеме және кеңес береді.

Мекен-жайымыз: Саудакент ауылы,  Асанов көшесі 11,

Байланыс телефондары: 8(72634) 2-17-67,2-20-18.

«Сарысу ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Сақтансаң сау боласың

Тілсіз жаудан абай болайық

Адам өмірін және дүние мүлікті өрттен сақтау әрбір азаматтың борышы. Ата-бабаларымыз «жеті жұттың» біріне санаған өрт апатын шындығында тілсіз жау деуге тұрарлық. Қазіргі кезде яғни, жаз, күз айларында елді-мекендерде ескі қоқыстар мен шөп қалдықтарын, егіс жинау кезінде, жер айдау алдында сабан қалдықтарын өртегенде отты бақылаусыз қалдыруға болмайды. Негізі кез келген жерде ашық от пайдалануға қатаң тыйым салынады. Шаруашылықтар мен үйлердің жазғы мал қоралары елдімекендердің шалғай орналасуына байланысты өрт бола қалған жағдайда оны сөндіретін өрт автокөліктері тез арада бара алмайды.

Сол себептен, ұжымдардағы су таситын автокөлік, қолда бар басқа да техникаларды өрт сөндіруге бейімдейік. Өрт шыға қалса аталған техникаларды қолда бар өрт сөндіретін құралдармен өртті шығынсыз сөндіру әр азаматтың міндеті. Жыл сайын аудан көлемінде  шаруашылық басшылары және жеке азаматтардың жауапсыздығынан дала өрттері пайда болып табиғатқа көп зиян келтіреді. Көп өрттер азаматтардың өрт қауіпсіздік ережелерін білмегендіктен және немқұрайлылықтан болады.

Орман, тоғайлы жердегі өрттердің шығуының көп себептері орманды жерлерде кейбір азаматтар  өз еркінше от жағады да оны өшірмей кетеді. Дала өрті қоғамымызға әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге белгілі бір дәрежеде нұқсан келтіреді. Өйткені, дала өртіне мал жайылымдары, шабындықтар, желге қалқан болатын, табиғатқа көрік беретін әсем ағаштар мен өсімдіктер, онда мекендейтін жануарлар ұшырайды. Табиғат байлығын қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор.

Құрметті аудан тұрғындары!

Осы шараларды мұқият орындап, өртті болдырмауды және оның алдын алу жағдайларын қарастырып, баршамыз тілсіз жаудан аман болайық.

Өрт болған жағдайда жедел түрде мына төмендегі байланыс құралдарына хабарласуларыңызға болады;  тел.2-16-81, ұялы телефондар 87029544963, 87788012417, 87758353431, 87081811014

Ж.Оразбаев,  Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.