Архивті цифрландыру семинары өтті

0

Жуырда Сарысу ауданындағы архив қызметкерлерінің кәсіби семинары болып өтті. Бүгінгі заман талабына сай, аудандағы архивті цифрландыруды арттырып, сапасын жақсарту мақсаты өзекті мәселеге  айналып отыр.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Архив-2025» бағдарламасы негізінде еліміздің архив саласына үлкен мән берілді.

Сондықтан, ауданда Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша архив саласын дамыту мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама бағдарламасының «Сарысу ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес «Құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік архив мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі»,  сондай-ақ «Ұйым, мекеме архивінде құжаттардың құндылығына сараптама жасау» тақырыбы бойынша кәсіби-семинар өтті.  Семинарға аудан әкімінің аппарат басшысы Ж.Сақыпбеков және мекеме басшылары мен мамандары қатысты.

Сарысу ауданының мемлекеттік архивінің директоры Л.Қожаханова:

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама  жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» бойынша іс-құжаттарды дұрыс рәсімдеу, есепке алу, іріктеу және мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыру тәртіптері архив қызметкерлерінің тарапынан барынша жеткілікті түрде түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетілді. Ендігі мақсатымыз- осы архивті цифрландыру пайызын жоғары көтеріп, осы рухпен көптеген жоспарларды жүзеге асыру,-дейді.Қорыта айтқанда, бұл кәсіби семинардың өткізілуі архив қызметкерлерінің алдағы уақытта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында архив саласын дамыту болып табылады.

Қ.Мамбетов, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.