Ардагерлер зиярат етіп қайтты

0

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында ата-бабалар рухын қастерлеу мақсатында Жаңатас қаласының қазыналы қарттары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмаәлі Орымбаевтың ұйымдастыруымен, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, қала әкімі Сәкен Мамытов, ауданның Құрметті азаматы Өмірзақ Сержанов және жеке кәсіпкер Фархад Шайымқұловтың демеушілігімен Түркістан қаласындағы киелі жерлерді зиярат етіп қайтты.

Ардагерлер аудан территориясында орналасқан Шоқай датқа, Ықылас Дүкенұлы кесенелеріне және Баба түкті Шашты Әзізге барып, зиярат етті. Онан соң, көне заманнан бері келе жатқан тарихи құндылықтардың бірі-Үкаша ата, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне барды. Келесі кезекте Шахан ата кесенесіне ат басын бұрды. Ескінің көзі болып сақталған орынға зиярат етіп, ел аузында жүрген аңыздар мен түрлі әңгімелерден хабардар болды. Қасиетті орындарға құран бағыштады.

Бұл туралы еңбек ардагері Жамбыл Шәдіұлы:

-Тарихи орындарға зиярат етіп қайттық. Алла Тағала дұға-тілектерімізді қабыл етсін. Ендігі ұрпақ жастар аман болсын. Әрбір азамат қолынан келгенше қамқорлық қанатына алып, жанымыздағыларға жәрдемдесіп, игі ісімен жүректерге жылу сыйлау үлкен бақыт. Міне, соның куәсі болып отырмыз. Аудан басшысына, жалпы демеуші болған азаматтарға ардагерлердің айтар алғысы шексіз,-деді.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.