«Нұротандықтар» Мемлекет басшысының бағытын қолдайды

0

Партия аудандық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңес отырысына партия аудандық филиалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, Партиялық бақылау комиссиясының, аудандық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясының мүшелері және бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты. Сая-си кеңестің күн тәртібіне шығарылған екі мәселе Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың аумақтық қоғамдық штабының атқарған жұмысы туралы және сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар туралы мәселелер қаралды. Кеңес отырысында партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзінің ұлықтау рәсімінде белгілеген негізгі 10 бағытын іске асыруда аудан көлемінде атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарға кеңінен тоқталса, партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Сәрсенов, партия ардагері Тыныштық Бектөреева, «С.Мұқанов» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мереке Стамбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзінің ұлықтау рәсімінде белгілеген негізгі 10 бағытын толықтай қолдайтындықтарын жеткізіп, аудандағы арнаулы орта оқу орындарында оқитын білімгерлер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту секілді өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Бірлескен отырыс

Партия аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының бірлескен отырысы болып өтті. Бірлескен отырыстың күн тәртібіндегі «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасының Жаңатас қаласында орындалу барысы туралы қала әкімі Сәкен Мамытовтың, «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Темірлан Абдраевтың, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дәуренбек Шалбаевтың, «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының Халыққа қызмет көрсету орталығында орындалу барысы туралы орталық басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Құлмағамбет пен фракция мүшесі Ғани Несіпбайдың есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша туындаған сауалдарға есеп берушілер тарапынан тиісті жауаптар берілді. Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша арнайы қаулылар қабылданды.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.