ПРОБАЦИЯ ЌЫЗМЕТІ

0

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаметінің Сарысу аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 93 сотталған есепте тұр. 2018 жыл басынан 28 сотталғанға қатысты әлеуметті бағдарлама жолданған. Осыған байланысты 6- адам қоғамдық жұмысқа орналасты және тұрақты жұмысқа 4-адам орналастырылды. Квота бойынша 6-адам жұмыспен қамтылған. Кәсіптік қысқа мерзімдік оқуға 4-адам жолданып, 3-азамат өз-өзін жұмыспен қамтыды. 5-адам жұмыссыз ретінде халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеуде тұр

Осыған орай аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ПҚББ бастығы  әділет майоры Қ.Қалдыбаевтың төрағалық етуімен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мен ІІД-нің бірлескен жедел кеңес жиналысы өтті.

Жиынға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ӨҚТ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, әділет майоры Н.Садрқұлов, аудандық прокуратураның аға прокуроры М.Тұрабаев, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы,  полиция полковнигі Қ.Қапаров, аудандық «Шапағат» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Дөненбаева, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі А.Шуженов, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы О.Бейсен, ауданының Жастар ресурстық орталығының маманы А.Мүфтәлі, аудандық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны А.Ниязымбетов, аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қатысты.

Жиынның күнтәртібінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тарапынан жасалатын қайта қылмыстың алдын алу мақсатында қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандармен және олардың жақын туыстарымен профилактикалық бағытта сұхбат жүргізу, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сарысу аудандық пробация қызметінің қызметкерімен сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың алдын-алу және қарсы күрес бойынша сұхбат жүргізу сынды мәселелер қаралды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ПҚББ бастығы әділет майоры Қ.Қалдыбаев Сарысу аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға және олардың жақын туыстарына сотталғандардың жаза өтеу тәртіптері, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заңға мойын ұсынбайтын сотталғандарды ерекше назарға алынатындығын, олармен профилатикалық бағытта күшейтілген жұмыстар атқарылатындығын айтып өтті.

Сонымен қатар, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қ.Қапаров жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен ҚАЖД аудандық пробация қызметінің инспекторларымен ҚР ІІМ 18.08.2014 жылғы №517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу» қағидасының талаптарына сәйкес пробация қызметінің есептерінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша бірлескен тексерістер үнемі жүргізіліп жатқандығын, құқық бұзушылыққа бейімді тұлғалар аса назарға алып, олармен қайта қылмыс пен құқық бұзушылық жасамауға профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға және оларға оңды жағынан ықпал ететін  туыстарына жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілігі түсіндірілді.

Өз кезегінде аудандық прокуратураның аға прокуроры М.Тұрабаев, аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тараптарынан жасалатын қайта қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларын үнемі тексеру керектігін және оларға ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді, яғни жұмыссыз сотталғандарды жүз пайыз жұмысқа орналастыруды қажет ететіндігін айтты.

Ал, күнтәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ӨҚТ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет майоры Н.Садркулов пробация қызметінің қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, 18.11.2015 жылғы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының аясында ПҚ қызметкерлерінің арасында тәртіп және заң бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, жолдарын кесу іс-шаралары күшейтілуін, сонымен қатар, ПҚ жеке құрамымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы», «ҚР ІІО Заңы», «Құқық қорғау қызметінің Заңы», «Ар-намыс кодексі» Заңдарын қайта зерделеп, аталған заңдардың талаптарына сай қатаң ұстануларын талап ету керектігін айтты.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, кеңес бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Аудандық пробация қызметі мен халықты жұмыспен қамту орталығына пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандардың барлығын тиісті жұмысқа орналастыру бойынша жеке бағдарламалар жолдану керектігі де айтылды.

Гүлнара Байбосынова,

 «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.