Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Өткен аптада ауданымызға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Тұрғын Жігітеков және сарапшы Дәурен Бурханов іссапармен келіп,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау және медицина саласының қызметкерлеріне тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемінің жаңа үлгісі  аясын түсіндіру бойынша Байқадам, Жайылма ауылдық округтерінде жиын өткізді.

Жиын барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Т.Жігітеков хабарлама жасады.

-Қазақстанға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу уақыт талабына сай, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуға ықпал етеді. Өйткені ешқайсысы үшін бұл құпия емес дамыған елдердің әлемдік тәжірибелерінде медициналық сақтандыру өмірдің негізгі бөлігі болып саналады. Егер бұрынғы жылдарда Қазақстанда медициналық сақтандыру ерікті түрдегі санатта жұмыс істесе, енді міндетті медициналық сақтандыруды енгізу айтарлықтай өзгерістерге әкеледі,-деді.

Одан кейін сөз алған сарапшы Д.Бурханов былай деді:

-Жаңа модельді енгізу мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жүзеге асыру шеңберiнде медициналық көмек көрсетуден кейiн синхрондалады. МӘлМС шеңберіндегі қызметтер пакеті әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақтардың денсаулығының негізін қалыптастыруға бағытталатын болады.

Басқаша айтқанда, шұғыл араласуды және елеулі мемлекеттік реттеуді талап ететін барлық жағдайлар тегін медициналық көмек есебінен және тегін қызметтердің кепілдік берілген көлемінен асып түсетін қосымша қызметтер – медициналық сақтандыру  арқылы қамтамасыз етілетін болады,-деп жан-жақты тоқталып өтті.

Осындай жиын халыққа қызмет көрсету орталығында, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында, аудандық орталық ауруханада жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.