Сарысу

Жеңімпаз атанды

0

АРЫСТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ Б.ҚАЛЫБАЕВ-ТЫҢ ШӘКІРТТЕРІ АУДАН, ОБЛЫС, РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛЫП ЖҮР.
Атап айтар болсақ, жуырда облыстық қол күрес және кіртасын көтеруден облыстық чемпионат өтіп жүлделі орынға ие болды. Нәтижесінде қол күресінен Саду Набиев 1-орынды қанжығасына байласа, 2-орынды Диар Айдаров жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастыру-шылар тарапынан диплом, медальдар тапсырылды.
Бұл жас спортшыларға еліміздің туын әлем ареналарында желбіретіп, ел намысын қорғай беруіне тілек білдіреміз.
К.АЙДАРОВ, Арыстанды орта мектебінің әлеуметтік педагогы

Leave A Reply

Your email address will not be published.