Сарысу

Балалар қуанышы-әлем қуанышы

0

Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой — өрісін, дүниетанымын жетілдіру мақсатында аудандық мәдениет үйіне қарасты «Сарысу» халық театры ауылдық округтерге барды. Театр ұжымы «Санай білетін лақ» атты ертегі-спектаклін көрермендер назарына тарту етіп қайтты. Әсіресе балалар қойылымды қызығып тамашалады. Жуырда аудандық мәдениет үйінде бұл ертегіні қою жоспарлануда. Бұл спектакльдің қоюшы режиссері Рабиға Бердісүгірова өз сөзінде:
-Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты жеткізе білу, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу. Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру барысында ертегінің алар орны ерекше. Ертегі арқылы біз жас бүлдіршіндерге адамгершілік, кішіпейілділік тәрбиесін бере алдық деп ойлаймыз. Қазіргі таңда «Сарысу» халық театр ұжымы барлық ауылдарда сахналық қойылымдарын қоюда,-деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.