Сарысу

Жаңа дүкен ашылды

0

КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ МЕРЕКЕЛЕРІНІҢ БІРІ 8 НАУРЫЗ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ КҮНІ 1-ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №5 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛІП, ТҰРҒЫНДАР КӨЛ-КӨСІР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛСЕ, ЕРТЕҢІНЕ 1-ШАҒЫНАУДАНДА ТҰРМЫСҚА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР САТАТЫН «АЙТИ» ДҮКЕНІ АШЫЛЫП, ҚУАНЫШ ҮСТІНЕ ҚУАНЫШ ҚОСЫЛЫП, ЕСЕЛЕНЕ ТҮСТІ.
Ал тұрғындар үшін сауда орындарының молайғаны жақсы, бәсекелестік күшейіп, тауардың бәсі түседі. Сондықтан әр дүкеннің ашылуын көпшілік қуанышпен қарсы алады.
Жеке кәсіпкерлер ерлі-зайыпты Мырзахан Токкулов пен Назира Сапарбаева ашқан «Айти» дүкені халық көп шоғырланған жерде орналасқан. Бұл жеке кәсіпкерлер 2010 жылдан бері өздерінің кәсіптерін дөңгелентіп, нәсібін теріп жүрген жандар. Енді, міне, үлкен дүкен ашып отыр. Бір қабатты болғанымен ішінде сізге және бізге қажетті тұрмысқа қажетті заттар самсап тұр. Тоңазытқыштан бастап, газ плитасы, теледидар, кір жуатын машина, тіптен үтік, шәйнектер қаз-қатар тізіліп, көздің жауын алады. Егер нақты ақшаңыз болмаса, несиеге рәсімдесеңіз де болады.
Ашылу салтанатына келген қонақтар арасында алдымен әр түрлі лотереялық ойындар ойнатылды. Ұтысы шыққан қонақтар өздеріне тиесілі заттарын алып, мәз-мейрам болысты.
Мерекеде аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей сөз сөйлеп, дүкен иелерінің жұмыстарына табыс, береке тілеп, еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Ынтымақ Шералиевпен бірге лентаны қиды. Жаңа дүкенді көруге келген тұрғындар шашуларын шашып, өздеріне қажетті заттарды тамашалады.
Камели СҮЛЕЙМЕНОВА, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.