Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…

0

ӘЙЕЛ-АНА, ӘЙЕЛ-ӨМІР, ӘЙЕЛ-ТІРШІЛІК ӨЗЕГІ. ӨМІР БЕСІГІНДЕ ТЕРБЕТІП, АДАМЗАТ БАЛАСЫНА ҰРПАҚ СЫЙЛАР ҰЛЫ ҚҰДІРЕТ ИЕСІНІҢ ЕСІМІ ӘРҚАШАНДА ҚАСТЕРЛІ, СӨЗІ-ӨСИЕТ, ТҰҒЫРЫ БИІК. АЛТЫН ҚҰРСАҒЫНАН АДАМЗАТТЫҢ АЛАБЫ ЖАРАТЫЛҒАН АСЫЛ АНАНЫҢ ЖҮРЕГІ ҮЛКЕН, ЖҮЗІ МЕЙІРІМДІ, ҚОЛЫ ҚАЙЫРЫМДЫ. КӨҢІЛ ШУАҒЫНА МЕЙІРІМ ТӨГІЛГЕН АЯУЛЫ ЖАННЫҢ ӨМІРДЕН АЛАР НЕСІБЕ ЖЕМІСІ, АЛТЫН БОСАҒАСЫ МЕН СҮЙКІМДІ ПЕРЗЕНТІ БОЛАР. АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «АНА – НҰР, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ.
Мерекелік жиын шымылдығы «Айжанқыз» би ұжымының орындауындағы «Қызғалдақтар» композициясымен ашылды. Көрермен қауым «Сарысу» халық театрының «Аналарға сыйлық» атты театрландырылған көріністі тамашалап, ерекше қошеметтеді.
Салтанатты жиында аудан әкімі Балабек Жанбекұлы
Нарбаев құттықтау сөз сөйлеп, ақ жаулықты аналардың, ару қыздардың дендеріне саулық, отбастарына бақ-береке тілей отырып, алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқаны» мойнына тақса, аудан экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген әйел-қыздарға мерекелік медальдар, Құрмет грамоталар және Алғыс хаттарды тапсырды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев бірнеше аналарды Құрмет грамоталар және Алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты жиынның ерекше көрінісі аудан әкімінің бастамасымен аудан әкімдігінің бөлім басшылары концертті тамашалауға келген барлық қыз-келіншектерге, ақ жаулықты аналарға гүл шоқтарын тарту етуі болды. Концерттік бағдарлама Алматы қаласынан арнайы құттықтап келіп отырған Республикалық «Жас қанат» конкурсының лауреаты, Халықаралық Ш. Қалдаяқов атындағы конкурстың лауреаты, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Хадиша Сейітованың орындауындағы «Ана туралы жыр» әнімен жалғасын тапты. Сондай-ақ, жез таңдай әнші көрермендермен бірге жанды дауыста «Мереке күніңмен», «Ана туралы жыр» әндерді қосыла шырқап, тыңдармандарын бір серпілтіп тастады.
Аналарды құттықтауға келген «Айгөлек» балабақшасының бүлдіршіндері «Гүлдер мен көбелектер» биін тарту етсе, әнші қыздар «Классикалық әндер жиынтығын», «Жұлдыз-2016» байқауының ІІ орын, «Жаңа есім – 2018» байқауының және «Үркер» Республикалық конкурсының бас жүлде иегері Мейіржан Омаров «Я люблю тебя до слез», А. Қоразбаевтың «Ән жырым саған –туған ел!» атты республикалық конкурсының ІІ орын иегері Нығметжан Халықов «Вальс», Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің қобызшылар ансамблі халық әуендерінен поппури, Егешовтер дуэті «Анамның ақ жаулығы» әндерін, мәдениет үйінің өнерпаздары және «Айжанқыз» би ұжымы «Біздің ағай тамаша», «Су тасушы қыз», «Он алты қыз» әндеріне қойылған поппури, жігіттер тобының орындаған «Гүл сыйлайық әйелге» әндері тыңдармандарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Көпшілік қауым бір серпіліп қайтты.
Камели СҮЛЕЙМЕНОВА, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.