Әйел-ұлттың анасы

0

Өскендей ұлтжанды боп санасы
ұлдың,
Әйел ғой абыройы, анасы
ұлттың.
Мейірім-шапағатын аямайтын,
Асылы әйел ғана бар асылдың.
Жаралған о бастан-ақ санасы
ардан,
Таралған бар жақсылық аналардан.
Түзетер қоғамды да ес
жиғызып,
Өсіріп даналықты балалардан.
Бөгет боп қауіптерге уағында,
Кесапат, кесірлерді қуатын да,
Әйел ғой мейірімді санасына
Сіңіріп рухтыны туатын да.
Болашақ данышпандық,
даналықты,
Асырар ақ сүтімен бар алыпты.
Анаға жетер кім бар бұл
фәниде,
Келтірер дүниеге саналы ұлды.
Алғанда-ақ омырауға
балбөбегін,
Кетпей ме тұла бойы балдай
еріп.
Жанары шуақ сеуіп сәбиінің,
Аузына тосып дәйім бар керегін.
Осы бір сәті қандай ғажап, сұлу,
Керемет емес пе оған қарап
тұру.
Қайтадан сәби болғым кеп
кетеді,
Үшін бір адал күліп, адал жүру.
Ақтауға ана сүтін – нәрі ем тегі,
Сіңбепті еш пенденің әлі еңбегі.
Сонда да мейіріне сол әйелдің,
Еш теңеу тең келмейді
әлемдегі.
Жаралған тұла бойы ардан,
нұрдан,
Қауіп пен қатерлерден
сақтандырған.
Ананың ақ тілеуі деп білемін,
Әлемді апаттардан сақтап
тұрған.
Саналы әрбір ұлттың ана тілі,
Ана ғой қамқоршысы, жанашыры.
Елім мен тілім деген ұл-
қыздардың,
Анамен жүзеге ассын алар
шыңы.
Әлемнің үйіріліп мұң-наласы,
Қалса да дауыл соғып құмда басы.
Қызғыштай қорғап өтер
сәбилерін,
Намыстан тұрар әйел – ұлт
анасы!
Әрдайым төккен мейір
балаларға,
Анадан асқан жанды ел таба
алар ма?!
Сондықтан басымды иіп
тағзым етем,
Әлдилеп ұлтты өсірген
аналарға!

Асылбек САТТАРОВ, ақын, ауданның Құрметті
Азаматы

Анажан
Тіршілікті алып келген жарыққа,
Нұрлы жұлдыз қараңғы да
жарықта.
Өзіңменен ыстық болған жан
ана,
Мына әлем расымен де жарық па?
Тәрбиесін берген ана балаға,
Есте болса желге ұшпай далаға.
Өз баласы жақсы көрсе,
құрметтеп,
Одан асқан бақыт болмас анаға.
Жүрегі кең, әлем сыяр ішіне,
Сүйсінерсің жасаған әр ісіне.
Өз баласы жақсы көрсе,
құрметтеп.
Ұнар еді әрбір әйел кісіге,
Қолы алтын, ал жүрегі жылудан.
Ол шаршамас бала жанын
ұғудан,
Өз баласы жақсы көрсе,
құрметтеп.
Жалықпаса бақытты ана
қылудан,
Ана лайық махаббатқа сезімге.
Ана лайық шапағатқа төзуге,
Өз баласы жақсы көрсе
құрметтеп.
Ана разы баласы аман кезінде,
Сенің арқан мен шаттыққа
бөленсем.
Сенің еншің мен байлыққа кенелсем.
Ә.СЫЗДЫҚОВА, Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің
9 «а» сынып оқушысы


Leave A Reply

Your email address will not be published.