Қарт жауынгерге құрмет

0

Мереке күні аудан әкімі Балабек Нарбаев, аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев және қала әкімі С.Мамытов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Рысдәулет Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Авдеевтің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Қарт майдангердің соғыстағы ерліктері мен бейбіт жылдардағы еңбектері, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге.
Аудан әкімі Б.Нарбаев өз сөзінде: — Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдарында адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғандарыңыз үшін сіздерге бас иеміз. Еліміздің бүгінгідей бейбіт заманда жеткен, барлық жетістіктерінің артында сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз тұр. Біз мұны мәңгі есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз — деп, жылы лебізін жеткізіп, сый-сияпатын тапсырды. Өз кезегінде ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Сәулет ЕСҚАРАЕВ, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.