Сарысу

Туған жердей жер болмас

0

Қазіргі кезде ауданымызда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» кіші бағдарламасына қатысты кең ауқымды іс-шаралар аудан көлемінде өтуде.  Өткен жылы Сарысу ауданының  90 жылдығы кең ауқымда аталып өтті. Сол  күндерде  кездесулер өткізіліп, оған Астана мен Алматыдан, еліміздің өзге өңірлерінен және таяу шет елдерден Сарысу өңірінде туып-өскен тұлғалар қатысты. Туған жерге ту тігу, оның бір қажетіне жарау – әркімнің азаматтық борышы. Өтейтін парызы. Бұл әркімнің жүрегінің қалауымен атқарылатын сауабы мол іс.  Қазақ халқының дархандығы мен кеңдігі, кішінің үлкенге деген сыйластығы, ал үлкендердің кішілерге көрсеткен ізеті, менің туып-өскен топырағымның басты рухани құндылығы еді. Сондай-ақ, Сарысу жерінен шыққан  азаматтар өз өлкесінің төскейіне ерте көктемде ең алғашқы ұшып жететін бозторғайдың үні мен тоң кетіп үлгермей жатып, жеті қабат жерді жарып шыққан қызғалдақтар сағыныш сезімін тереңдете түсетінін ақтарыла отырып айтып,өткен шаққа бір шолу жасады.  Менің ойымша туған топыраққа қолдау көрсету мен қолұшын берудің жолдары жеткілікті. Мұның өзі де ел-жұрт алдындағы парыз бен қарызды терең түйсіне білу және әркімнің өз мүмкіндігі мен қабілетін осы мақсатқа жұмылдыра алуынан бастау алса керек-ті. Түйіндеп айтқанда, Сарысудың туған жерін көркейтуге бел буып, бұл іске өз үлестерін қосуды мақсат еткен сарысулықтар  қатары жүздеп, мыңдап саналады. Сөз жоқ, бұл аса игі іс, байыпты бастама. Елге деген перзенттік парыздың бой көтеруінің басты индексі. Ең бастысы, бұл – «Туған жерге туыңды тік!»,- деген ұлы қағидаттар туған дүние.

Э.Сатиева, «Болашақ» бөбекжай-  балабақшасының әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.