Сарысу

Аудан әкімі Б.Нарбаевтың 1 наурыз- Алғыс айту күні мерекесіне арналєан құттықтауы

0

Құрметті аудан тұрғындары!
Құрметті қонақтар!
1 наурыз — көрікті көктемнің бірінші күні — Алғыс айту мерекесі.
Баршамызға белгілі 1 наурыз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мейрамы, әз-Наурыз мерекесі атап өтілетін шуақты айдың басы.
Бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күні де осы 1 наурыз. Бұл мейрамның терең мағынасы мен мәні бар.
Алғыс айту күні — ең алдымен Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні.
Алғыс айту күні — бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің Қазақстанға терең тағзым белгісі.
Алғыс айту күні — бұл Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еңбек еткен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этнос халқының ортақ тарихи құрметтеу күні. Сонымен қатар, Отанымызды көркейту жолында барлық қазақстандықтарға ұйытқы болып келе жатқан саяси күш иесі — «Нұр Отан» партиясының құрылған күні екендігін атап өткім келеді.
Бүгінде, аталған мейрамдар халқы-мыздың игі дәстүріне айналып үлгерді.
Құрметті көпшілік!
Осы сәтті пайдалана отырып, қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне алғысымды білдіремін.
Осындай «Мәңгілік Елді», ұлан-ғайыр жерді біздерге мирас етіп қалдырған, ата-бабаларымызға да алғыс айтамыз.
Баршаңызды 1 наурыз — Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Уважаемые жители района!
День благодарения — это день уважения ко всем гражданам нашей страны, которые работали над созданием независимого Казахстана. День благодарения — это день общего исторического уважения многих этносов Казахстана. День благодарения — это, прежде всего, День мира и мирного примирения государства.
Я хотел бы поблагодарить представителей всех национальностей, которые благодарны казахскому народу.
От всей души поздравляю всех 1 марта — День благодарения.

Алғыс айту — асыл қасиет
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды көктемнің шуақты алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекеде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Қажырлы да тынымсыз еңбектеріңіз, қайраттылықтарыңыз, әр іске деген өзіндік жоғары жауапкершіліктеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Көктемнің алғашқы мерекесі – 1 наурыз Алғыс айту күнінде отбасыларыңызға береке-бірлік пен шаттық, бастарыңызға амандық тілеймін.
С.БЕГЕЕВ, аудандық мәслихат
хатшысы

Достық пен бірлік-татулық белгісі
Қымбатты аудан тұрғындары!
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғаны белгілі. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге арналған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы күні. Бұл күн Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризашылығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, бақ пен береке, бірлік пен шаттық тілеймін!
С.ҚОЖАНАЗАРОВА, аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.