Әскери оқу орындары

0

БИЫЛ АУДАНЫМЫЗДА 117 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРЕДІ. ҚАНШАМА ЖЕТКІНШЕК АРМАНЫНА ҚАНАТ БАЙЛАП, ЖАҢА ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСАДЫ. МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР ҮШІН НАҒЫЗ СЫНДАРЛЫ СӘТ ЕНДІ БАСТАЛАДЫ. ӘРТҮРЛІ САЛА МАМАНЫ АТАНУДЫ КӨЗДЕГЕН ЖАСТАРЫМЫЗ ҚҰЖАТТАРЫН АРҚАЛАП, «ЕЛІМІЗДІҢ ҚАЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН ТАҢДАП, ҚАЙ МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРСЕМ» ДЕП, ТОЛҒАНЫП ЖҮРЕДІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ӘСКЕРИ МАМАНДЫҚ МЕҢГЕРУГЕ ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАР ДА БАР ЕКЕНІН ЕСКЕРІП, ҚАЗАҚСТАНДА ӘСКЕРИ БІЛІМ БЕРЕТІН ҚАНША ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ БАР, ӘСКЕРИ БІЛІМ МЕКЕМЕСІНЕ ҚАЛАЙ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНУҒА БОЛАДЫ ДЕГЕН САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРЕМІЗ.
Жыл сайын еліміздің әскери оқу орындарының курсанттары шетелдерде тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтап, өздерінің біліктіліктерін арттырады. Әскери жоғары оқу орындарының курсанттары үшін білім алуларына барлық жағдай жасалған. Олар тегін мекен-жайда тұрады, білім беру тегін, әрі әлеуметтік жағынан толық қамтылады. Оқуды бітіргендер 100 пайыз жұмыспен қамтылып, бірінші әскери лейтенант шенін алып, әскери лауазымдарға тағайындалады.
Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери институттарға тоқталып өтейік. Бүгінгі таңда қорғаныс саласына қажетті әскери мамандарды оқытатын үш негізгі әскери институт бар.
Олар:
— Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты;
— Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты;
— Құрлық әскерлерінің Әскери институты;
— Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы;
• Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты
— ЖОО-ның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлері мен қаруланудың зенитті ракеталық, радиотехникалық әскерлерінің, байланыс бөлімдерінің, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз етудің, автоматтандырылған басқару жүйелерінің кәсіби офицерлерін дайындау болып саналады.
— Білім мекемесінде болашақ офицерлер 5 мамандық бойынша оқытылады:
— Радиобайланыс пен көздеу;
— Радиобайланыс пен зенитті ракеталық әскерлердің қондырғыларын жөндеу;
— Зенитті ракеталық әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінің радиотехникасы;
— Радиотехникалық әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінің радиотехникасы;
— ҚР ҚК автоматты басқару жүйелерінің инженері.
Алматы қаласы Жандосов көшесі 53
• Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты деп аты айтып тұрғандай еліміздегі әскери ұшқыш, әскери инженер мамандарды әзірлейтін жалғыз білім ордасы. Институттың негізгі міндеттері – әскери авиацияға офицерлік кадрларды дайындау, әскери теорияны дамыту, қоғамдық ғылымдардың әскери, қару-жарақ, авиациялық әскери техниканың мәселелеріне бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу, әскерлердің қауіпсіздігі және жауынгерлік дайындығын арттыру болып табылады.
Институт болашақ мамандарды 8 мамандық бойынша даярлайды:
Ұшқыш аппараттарын пайдалану, фронттық авиацияның командалық тактикасы;
Ұшқыш аппараттарын пайдалану, армия авиациясының командалық тактикасы;
Штурмандық авияцияның тактикасы;
Авиациямен жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы;
Ұшқыш аппараттардың және оталғыштардың техникалық пайдалануы; Авиациялық радиоэлектронды құрал-жабдық;
Авияциялық электрофикациялық және ұшқыштық-көздеуіш радиоэлектронды құрал-жабдықтың техникалық пайдалануы;
Авиациялық қару-жарақтану.
Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Ақтөбе қаласы, Молдағұлова көшесі 16 мекенжайында орналасқан. Тел: 8 (7132) 52-28-45; 52-16-88.
• Еліміздегі әскери мамандар даярлау ісінде нағыз ұстахана саналатын Құрлық әскерлерінің Әскери институты офицерлік кадрларды 11 мамандық бойынша дайындайды:
Мотоатқыш әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
Әуе-десанттық әскерлерінің және әскери барлаудың командалық-тактикалық даярлығы;
Танк әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
Артиллерияның командалық-тактикалық даярлығы;
Автокөлік әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
Киім-кешекпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық; Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
Бронетанктық қару-жарақ және техника;
Инженерлік әскерлердің командалық-тактикалық даярлығы;
Әскерлерді ракета-артиллериялық қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
Әскери аударма ісі.
Құрлық әскерлерінің Әскери институты келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Красногорская көш. 35, тел: 8 (7272) 90-18-20, 90-12-42
Төменде көрсетілген оқуға қабылдау ережесі үш әскери институтқа да бірей қатысы бар.
Оқуға қабылдау ережелері
Ал, енді осы жоғарыда аталған әскери білім мекемесіне оқуға барам деуші түлектер не істеуі керек? Қандай құжаттарды қайда өткізеді?
1) Әскери мамандықты таңдаған түлек 25 мамырға дейін тегін, атын және әкесінің атын, туған күнін, білім деңгейін, әскери оқу орнының және ол бойынша оқуға ниет білдірген мамандықтың атауын көрсете отырып, Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне келіп өтініш білдіреді;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті жыл сайын 20 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен қабылдау және апелляциялық комиссиялардың құрамдарын, олардың міндеттерін, қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарын, сондай-ақ ҰБТ-дан өту балын бекітеді.
3) Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау 1-25 тамыз аралығында өтеді. Әскери білім мекемесін таңдаған түлек ең әуелі ҰБТ қорытындысын апарады. Әскери институттардың талабы – тестілеудің балы 50 балдан жоғары болуы тиіс.
4) Келесі кезекте ҰБТ балы жеткілікті деп шешілген соң, түлектер дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады;
5) Медициналық тексерістен өтеді;
6) Психологиялық тест тапсырады.
Бүгінгі таңда білекке емес, білімге сенетін заман. Уақыт өзгерген сайын, заман түрленіп, талап та күшейді. Әскери салаға барамын деуші түлек үшін, білім және дене даярлығының жоғары көрсеткіші маңызды мәселе болып табылады. Спортта дәрежелі болып, халықаралық жарыстардың жеңімпазы болса тіпті жақсы. Бір орынға бірдей ұпаймен талас туған жағдайда, спорттық жетістіктер мен олимпиадағы жетістіктер ескеріледі. Одан кейін талапкердің интеллектісі маңызды орын алады. Өйткені, ол жерде қатардағы сарбаз емес, берген тапсырманы орындай алатын, мәселені шешуге келгенде таптырмайтын маман – болашақ офицерлер даярланады.
А.ПШАЕВ, Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің
бастығы, капитан

Leave A Reply

Your email address will not be published.