Ұлыстың ұлы күні

0

22 НАУРЫЗ-ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНI. БҰЛ КҮНI КҮН МЕН ТҮН ТЕҢЕЛЕДI. ТАБИҒАТ ТА, ЖЕР-АНА ДА, ЖАН-ЖАНУАР ДА ТҮЛЕЙДI, ЖАҢАРАДЫ. АДАМЗАТТЫҢ БОЙЫНДА ҚАН ЖҮГIРIП, ТАЛ-ТЕРЕКТЕР БҮРШIК ЖАРАДЫ. ҚАЗАҚТЫҢ САЙЫН ДАЛАСЫН ҚЫЗЫР БАБА КЕЗIП, АДАМ БАЛАСЫНА ҚҰТ-БЕРЕКЕ, БАҚ-ДӘУЛЕТ СЫЙЛАЙДЫ. САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫ ЕРIП, ҚАСИЕТТI ҚАРА ЖЕР, ҚАРА ТОПЫРАҚ БОСАЙДЫ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТӨСIНДЕ ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ҚҰЛПЫРА ӨСIП, БЕЛ-БЕЛЕСТЕРГЕ ҚЫЗЫЛДЫ-ЖАСЫЛДЫ КIЛЕМ ТӨСЕЛЕДI. ҰЛАН-БАЙТАҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛҚЫ ЖЕТI ТҮРЛI ДӘМНЕН НАУРЫЗ КӨЖЕ ЖАСАП, ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРДЫ САҚТАП, АЙ БОЙЫ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНIН ТОЙЛАЙДЫ. БҮКIЛ ШЫҒЫС ХАЛҚЫНА ОРТАҚ БҰЛ МЕЙРАМДА АРАЗДАСҚАНДАР ТАТУЛАСЫП, ДҮЙIМ ХАЛЫҚ, МҰҚЫМ ЕЛ АУЫЗБIРШIЛIКТЕ БОЛАДЫ.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген Кеңестiк дәуiрдiң солақай саясаты 1926 жылдан 70 жылдай ұлт мерекесiн терең зындан түбiнде бұғаулап ұстағанын бiлемiз. Одан кейiнгi ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құндылықтарына қарсы дүркiн-дүркiн шабуылдар халқымыздың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрпының үкiсiн қисайтуға тырысып бақты. Тiптi, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан — жас балалардың нан сұрап жеу тәсiлiне айналғаны шындық. Елiмiздiң солтүстiк бөлiгiнде көрiсу ғұрпы санадан өшкен. Ал, 31 желтоқсан түнi Жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбiреу төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрiн бүгiнгi жастың кемшiлiгi деу жөн бола қоймас. «Бала жасындағысын ұмытпайды». Көнекөз қариялар — салт-дәстүр сабақтастығының соңғы буыны.
Наурыз — кей бiлгiштердiң жаңалық ашып, онысымен жұртты адастырып жүргенiндей, дiни мереке емес. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бүкiлхалықтық Жаңа жыл. Оны Иран, Ауғанстан, Үндiстан, Кавказ және Орта Азия халықтары төл мерекесi ретiнде тойлайды. Алайда, «Әр елдiң салты басқа, итi қара қасқа» демекшi, дәстүр өзгешелiгi де орын алған.
Баршамызға Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Д.КАДЕРКУЛКЫЗЫ, аудандық
соттың судьясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.