Отбасы бірлігі-мемлекет беріктігі

0

«Бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған» анасының мейірім жылуын сезіп, асқар таудай әкесінің қамқорлығын көріп өскен баладан бақытты бала жоқ, сірә. Алайда, аумалы-төкпелі заманда отбасылық құндылықтар түгіл, ар-ұят, намыс, ождан секілді қазақ халқы жаннан қымбат санаған қасиеттер ұмыт қалып, қоғам санасы уланғаны уытты да ащы шындық. Соның салдарынан бүгінгі қоғамда жетім-жесір, жауапсыз әке, көкек ана көбейіп, бұл мәселе қазіргі уақыттың асқынған дертке айналды. Қырық жыл қырғын болса да, ажал жетпей шаңырағын шайқалтпаған әкелер, тағдырдың қанша тауқіметін көрсе де мойымай, баласын мойынына салып жүріп жеткізген аналар көп еді.
Сарысу аудандық сотына 2019 жылы 18 неке бұзу туралы арыз түскен оның 2-ғана медиация тәртібімен татуласып, 9-некелерін бұзған, қалғаны қаралу сатысында.
Статистикаға көз жүгіртсек 2017 жылы неке бұзу туралы 86 арыз түсіп, оның 56-қанағаттандырылып некелері бұзылған. 2018 жылы неке бұзу туралы 107 арыз түскен оның 71-қанағаттандырылған. Бұдан қандай ой түюге болады? Жыл санап ажырасқандар мен ажырасуға ниет білдіргендер саны өсіп келеді деген сөз. Ой таразысына салып көрдім, шама-шарқымызша зерттеп-зерделедім. Қорыта келе ел ішінде жиі кездесетін 4 себептерді іріктеп алдым. Жиі кездесе бермейтіні перзенттің болмауы және түсінбеушілік немесе мінездің жараспауы болса. Ал қоғамда жиі кездесетін себептің бірі ол зорлық-зомбылық мен тұрмыс тауқыметі. Жанұя — шағын мемлекет. Оның ұйытқысы бір адам болғаны абзал. Қалғаны отағасына ұйып, сеніп, ере білуі керек. Қандай жағдай болмасын отбасы мүшелері өмірдің кинодағыдай, романдағыдай болмайтынын, оның өзіндік бейнеті барын, оған сабыр ете білу керектігін естен шығармау керек. Ортада бала болса, ажырасу оның психикасына ауыр соққы екендігін, оның ауыр зардабы болуы мүмкіндігін естен шығармаған дұрыс. Қала берді, өзіне, ата-ана мен ағайын туысқа да бұл әрекет абырой әкелмейтінін ойлау керек. Бұл қадамға бармас бұрын, басқа жол жоқ екендігіне әбден көз жеткізіп, үлкендердің ақылын алу аса маңызды. Себебі, қабылдағалы тұрған шешімнің артында адам тағдыры тұр.
М.УРКІМБАЕВ,
аудандық соттың төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.