ЕРЕКШЕ ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

0

Ауданымыз облыс көлемінде өзінің территориялық үлкендігі табиғатының шөл-шөлейт аймақта орналасуымен ерекше орын алады. Әр алуан табиғат ерекшеліктеріне қарай мұнда өсетін өсімдіктердің түрі де өте көп. Сонымен бірге мәдени өсімдіктерді зақымдайтын сөйтіп ауыл шаруашылығы дақылдарын өнімін елеулі дәрежеде кемітетін зиянкес жәндіктердің түрі де көп. Аудан көлемінде негізінен мәдени дақылдарға көп-қоректі үйірлі шегірткелер азиалық, итальян прусы және басқа шөл шегірткелер дәнді дақылдардың бақашықтары, картоптың колорада қоңызы және кеміргіш тышқандар, сарышұнақтар болып саналады.Марокко шегірткесі: Сарысу ауданы бойынша Тоғызкент, Жаңаталап, Байқадам ауылдық округтерінің жайылымдық жерлерінде таралған. Дернәсілдерінің туылуы ауа-райына, мекендеген жерлеріне және тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Жалпы дернәсілдерінің жер бетіне шығуы сәуір айының екінші-үшінші онкүндігінде байқала бастайды.
Жер бетіне шығысымен олар түлеп, барлық шегірткелерге тән 1-жастағы дернәсілдерге айналады. Дернәсілдердің бұдан кейінгі дамуы 25-40 күнге созылады. Осы мерзім ішінде олар 4 рет түлеп 5 дернәсілдік жастан өтеді де ересек насекомдарға айналады.
Сарысу ауданы бойынша Тоғызкент, Жаңаталап, Байқадам ауылдық округтеріне 2019 жылы яғни биыл 15430 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп болжамдап отырмыз.
Ескертпе: ауылдық округтердің тұрғындарының және егін, мал шаруақожалықтарының иелерінің назарына марокко шегірткесінің дернәсілдерінің 1- жастағылары түсі қара шоғырлары құмырсқаның илеуіндей болады, сондықтан шегірткелердің көп шоғырланып жатқан жерлерін байқаған жағдайда шұғыл түрде ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалына хабарласуларыңызды сұранамыз. Мекен жайы: Саудакент ауылы Асанов Көшесі №7 тел: 8-726-34-2-20-40. 8-726-34-2-19-54.
Итальян прусы – Сарысу ауданы бойынша Жаңаталап, Жайылма, Игілік, Байқадам құмды дала, Шөлді өңірлерінің жусанды жерлерінде және жайылымдықтарда өсіп-өнеді. Дернәсілдері мамыр айының екінші жартысында шыға бастайды. Олардың дамуы 40-45 күнге созылады. Ересек шегірткелері қанаттанғаннан кейін 10-15 күн өткен соң жұмыртқалай бастайды. Олар күбіршектерін өсімдігі селдір, топырағы тығыз тапталған жерлерге және құмды жерлерге де салады. Шегірткелердің барлық түрлерінің жылдық даму циклы бір генерация, яғни жылына бір ұрпақ береді.
Сарысу ауданы бойынша Жаңаталап, Игілік, Жайылма ауылдық округтерінде 2019 жылы яғни биыл 1500 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп болжамдап отырмыз.
Азиалық шегіртке – Сарысу ауданы бойынша Шу, Талас, Аса, Шабақты өзен көлдерінің бойында шабындық және жайылымдықтарда өсіп-өнеді. Дернәсілдерінің жер бетіне шығуы ауа-райына, мекендеген жерлеріне және тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Жалпы дернәсілдерінің жер бетіне шығуы мамыр айының бірінші онкүндігінде байқала бастайды.
Сарысу ауданы бойынша Қамқалы, Игілік, Жайылма ауылдық округтеріне қарасты жайылымдық және шабындық жерлеріне 2019 жылы яғни биыл 6000 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп болжамдап отырмыз.
Колорад қоңызы: Қатты қанаттылар отрядының жапырақ жемірлері тұқымдасына жатады.
Колорад қоңызы имаго фазасында көбінесе картоп өсірілетін учаскелерде 20-50 см тереңдікте топырақ арасында қыстайды. Көктемде топырақтың жылылығы 14-150 жеткенде қоңыздар жер бетіне шыға бастайды, 2-3 күн қоректенген соң жұмыртқалауға кіріседі. Аналықтары 20-30 жұмыртқадан жапырақтың астыңғы бетіне салады. Әрбір аналық қоңыз 900-2000 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқаның дамуы 4-7 күн, ал личинканың дамуы 16-24 күн. Осы мерзім ішінде личинка 3 рет түлеп, 4 личинкалық жастан өтеді. Қоректенуін тоқтатқан личинкалар 5-8 см тереңдікке дейін топыраққа еніп, 3-5 күн өткен соң сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақ стадиясы 6-15 күнге созылады.
Колорад қоңызы картоптан басқа қызанақты, баклажанды, бұрышты зақымдайды. Сонымен қатар алқа тұқымдас өсімдіктермен де қоректенеді.
Күресу шаралары: Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау. Өнімді жинап алғаннан кейін егіс даласын картоп өсімдігінің қалдықтарынан тазарту керек. Картоп отырғызылған жерге 3-4 жылға дейін қайтадан картоп егуді жоспарламау керек.
Колорада қоңызы таралған учаскелерде оларға қарсы қолданылыатын препараттар: Волатон 50% (1-1,5 л/га), дилор 80% (0,3-0,6 кг/га), золон 35%(1,5-2,0 л/га).
Химиялық препараттарды зиянкестердің екі жастағы личинкалары басым болған кезде қолдану керек.
С.Е. ПАЗЫЛБЕКОВ, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» РММ Сарысу аудандық филиалының агроном-энтомолог маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.