«Нұр Отан» партиясының панельді сессияларында бірқатар мәселе талқыланды

0

Талқылауда қатысушылар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық беру қажет дейді БАЛАБЕК НАРБАЕВ, Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі:
-Бізде одақ кезінде бірталай үйлер бұзылған болатын. Сол үйлердің ішінде жарайтын 10 үй болған. Сол үйлерді облыстық, республикалық бюджеттен жөндеу жұмыстары алдағы уақытта жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласы да маңызды. Алдағы уақытта «В» гепатиті мен «жатыр мойнының қатерлі ісігі» сынды онкологиялық ауруларға қарсы екпе егу қайта қаралуы мүмкін. Обыр дерті көбеймесе, азаймай отыр. Саладағы өзекті мәселелерге азаматтар қызмет сапасы мен қолжетімділікті арттыру және ұзын-сонар кезек проблемасын шешуді жатқызған. Сонымен қатар, балалардың дұрыс тамақтануы мен оларды спортқа баулу керектігі де басты мәселе. Әзірге дәрігер жетіспеушілігі түбегейлі шешілген жоқ. Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: — Біз биыл да осы мед институттарды бітірген мамандарды тікелей жаңа заң негізінде мемлекеттік мекемелерге, ауылдарға ауруханаларға жіберіп 3 жыл жұмыс істеткіземіз. Міндетті түрде, себебі мемлекет тарапынан оқып шыққан студенттер сол мемлекетке міндетті түрде 3 жыл жұмыс жасауы керек. Жалпы әрбір адам өз денсаулығына деген жауапкершілікті ұғынғаны абзал. Алайда халық арасында бұл мәселемен дәрігерлер ғана күресуі керек деген түсінік қалыптасқан. Осы ретте он жылдықтың он мақсатын айғақтаған бағдарлама салауатты өмір салтын жүргізу, кез-келген аурудың алдын алу бағытындағы жобаларды дамыта түсуге мүмкіндік береді дейді жиынға қатысушылар. Алмат Қодасбаев, Алматы қалалық кардиология орталығының директоры:
-Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өте көп жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алматының өзі дүние жүзі бойынша дені сау қалалар қатарына қосылды.
Әрбір аулада спорттық бұрыштар бар, халықтың қолы бос уақытта серуендейтін алаңдар көп ашылып жатыр. Жастар мәселесіне ойыссақ, бүгінде ел жастарының 62 проценті, яғни жартысынан астамы баспанаға мұқтаж. Ал, бүгінде Қазақстанда 29 жасқа дейінгі азаматтардың саны 4 млн «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алайын десе, алғашқы жарнаға қаражат жетпейді. Бұған қоса ай сайынғы төлемді өтеу де оңай емес. Себебі, жастардың айлығы мардымсыз.
Панельдік сессиялардың бірінде мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен осы мәселені көтерді. Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Мемлекет тарапынан арнайы бізде ипотекалық банктер бар ғой, солар арқылы мөлшерлі түрде жас отбасыларға ипотека арқылы кредит беріп, өздерінің тұрғын үйді алуға мүмкіндік беру керек. Мысалы; толық отбасының қаражаты 120 мың теңге болса, кредит арқылы сертификаттар беріп, жергілікті атқарушы органдар арқылы іске асуы тиіс. Соған жас баспана деген құрылып жатыр ғой, Үкімет тарапынан соған мөлшерлі түрде көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз. Жиында жұмыссыздықпен күрес, оқуға түспей қалған мектеп түлектерін оқыту, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықтықты жою мәселелері де көтерілді. Енді бұл проблемалар ертеңгі «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде кеңінен талқыланып, тығырықтан шығар жолдар нақтыланады.
Қолданылған материал www.24.kz сайтынан алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.