Сақтық шаралары жүргізілуде

0

Үстіміздегі жылдың  21 ақпандағы Жамбыл облысы әкімдігінің Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласының тұрғындарын қорғау жөніндегі 2018 жылға арналған бірінші кезектегі шаралар туралы    қаулысына сәйкес, аудан әкімдігінде де 15 наурызда «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында тұратын аудан тұрғындарын қорғау жөніндегі шаралар туралы» қаулы қабылданып, жұмыстар атқарылуда .

Қазіргі таңда   осы қаулыларға сәйкес  КҚГҚ-нің алдын алу үшін, ауданымызда кенеге  қарсы күрес жұмыстарының үшінші кезеңі басталып, төрт түлік малдарды емдеу, дәрілеу жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылуда. Бұл маңызды жауапты іске  аудан әкімдігінің ветеринариялық шаруашылық құқығындағы кәсіпорын арқылы 3 «ДУК» автомашинасы, 3 автожүргізуші, 11 жауапты ветеринар маман, 16 дезинфектор, барлығы 30 адам қатысуда.  Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының 3-ші кезеңінде жоспар бойынша Досбол ауылдық округіндегі 1850 бас мүйізді ірі қара, 20400 бас қой-ешкі, 790 бас жылқы, 270 бас түйе малдарына, 136 аулалар мен мал ұстайтын ауланың қора-жайларына кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Досбол ауылдық округіне қарасты «Нұрлан» шаруа қожалығының мүшесі Нұрсұлтан Көшер:

-Жайылым-дықтағы малдар өрістен кене алып келеді.Сол кенелерді жоюға арналған шара жүргізілуде.  Ауыл маңы мен қора –қопсыны дәрілеп, мал жайылатын жер мен суат маңы залалсыздан-дырылуда-деп, мал мамандары  төрт түлікті сапалы емдеп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар,  аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары кенеге қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргізуде.

Кенеге қарсы дәрілеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ауыл әкімдеріне бөлім тарапынан хат жолданып, мүдделі мекемелер арқылы мал шаруашылығымен айналысатын аудан тұрғындары арасында қора-жайларына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, малдарын кенеге қарсы уақытылы дәрілету, кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.  Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстары белгіленген кесте бойынша барлық ауылдық округтерде жалғасын табуда.

Сәулет Рысбекұлы, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.