Жас ақындар шықты айтысқа

0

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, ауданның орталық алаңында әр аптаның жұма, сенбі күндері қазақтың рухани құндылықтарын асқақтататын іс-шаралар жүйелі өткізілуде. Сондай іс-шаралардың бірі — қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ақындар айтысы өтті. облыстық ақындар айтысына сегіз ауданнан жас айтыскер ақындар қатысып, Жаңатас қаласы тұрғындарының көңілдерін көтеріп, сөз өрнегінен шашу шашып, бір серпілтіп тастады.

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты… мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын жырлағандай, елдігіміздің айнасына айналған бүгінгінің жастары позитивті өмірді қалыптастырып жүр. Қоғамдағы рөлін анық сезінетін өскелең ұрпақ өзіне артылған жүктің салмағын сезінуде. Бүгінгі таңда, жастар саясатының іске асырылуына аянбай еңбек етіп келе жатқан «Жас-тар ресурстық орталығы» ұжымы мақсатты жолдан көз жазбай келеді.

12 тамыз – Халықаралық «Жастар күні» мерекесіне орай және Сарысу ауданына 90 жыл толуына байланысты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 12 тамызында Орталық алаңда «Жастармен бірге жарқын болашаққа!» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Айтыста алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбек жастарды мерекемен құттықтап, мекеменің директоры М.Бе-геевті аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.  Шара барысында, ақындар елдікті, ерлікті жасампаз ұрпақтың ұранына айналған ауқымды тақырып-тарды сөз етті. Ақындар айтысының қорытындысы бойынша бас жүлдені Жуалы ауданының жас ақыны Қанат Мырзахан иеленсе, 1-орынды Байзақтың дүлдүл ақыны Дидар басығараев олжалады. 2-орынды Меркінің маңғаз ақыны Мейіржан Жекебаев жеңіп алса, 3-орын Жамбыл ауданының ару ақыны Шапағат Сәбитқы-зына бұйырды. Жеңімпаз-дарға мекеменің Алғыс хатымен бағалы сыйлықтары тапсырылды. Жалпы, барлық қатысу-шылар естелік сыйлық-тармен бөлісті.

Құдайберген Мамбетов, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.