Мөлдір Әуелбекованың продюсерлік жұмысы тоқтап қалған ба?

0

“Қазақконцерт” ұйымына басшылық қызметке тағайындалған Мөлдір Әуелбекова бүгінде Астана қаласының тұрғыны. Өнер ордасы Алматыдан жырақта жүрген Мөлдір бұл күндері мемлекеттік маңызы бар мәселелерге бас қатыруда. Мәселен, ол фонограммаға заң жүзінде тыйым салуды мақсат тұтқан.

Бұл туралы Әуелбекова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Ең бірінші мақсат – фонограмма мәселесі. Оны ауыр тақырып деп те айта аламын. Ол әзірше әңгіме ретінде жүріп жатыр, Алла қаласа өзінің деңгейіне жеткен кезде шешіледі деген ойдамын. Бірақ оған заңды түрде тыйым салу оңай емес.

Бостан босқа бұл орынға келген жоқпын, мойнымда жауапкершілік болғаннан кейін, әр сұхбатта есеп беруге міндеттімін”, – дейді Әуелбекова.

Әнші жеке шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

“Күнім-ай” атты саундтрек әнім жарыққа шықты. Екі бірдей бейнебаянға түсірілім жоспарлап қойдық. Оған қоса, “Назар” атты қыздардан құралған тобым бар”, – дейді Мөлдір.

Соңғы кездері ел арасында “Әуелбекова құрған “Назар” тобы тарап кетіпті” деген қауесет те жоқ емес. Әнші әрі продюсер ел көкейіндегі сауалға жауап берді.

“Назар” тобы мен жүрген жерде жүреді. Ол қыздар да қазір Астанада. Негізі мен ол қыздарды Астанадан Алматыға көшіріп алған болатынмын. Оқулары, басқасы бар, өздері сол жақтың тұрғыны болатын. Енді қазір керісінше мен сол жаққа кеткеннен кейін, өзіммен бірге ала кеттім. “Назар” тобы тарады деген қауесет расында бар. Неге десеңіз, бізде Салтанат Серкебаева Ақан Сатаев ағамыз түсіріп жатқан “Томирис” фильмінде ойнап жатыр. Ол түсірілім әлі аяқталған жоқ. Сол себепті Салтанаттың жұмыс бабымен түсірілімде жүргеніне байланысты жұмыс кішкене тоқтап тұр. Енді аз уақыт қалды, 1-2 күнде шешілсе, бірден жұмысқа кірісеміз”, – деп түсіндірді Әуелбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.