Мақпал Исабекова оқушы кездегі суретін жариялады

0

Мақпал Исабекова балалық бал шағы мен қайта келмес жастық шағын сағынып жүрген ұқсайды. Әнші соңғы кездері мұрағаттағы суреттерін жариялап, естеліктерімен жиі бөлісуде, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. Бүгін Мақпал оқушы кездегі сыныптастарымен түскен суретін жариялады. Исабекова жасөспірім шақта өзін “ұсқынсыз” санағанын атап өтті. “Сыныптастарым. София немесе Томиристің туған күні, нақты есімде жоқ. 6 сынып, 12 жастамын. Өзімді толық әрі ұсқынсыз санайтынмын. Ал қазір қарасам, тәтті қыз болған сияқтымын.

Менің ішімде әлі де сол кішкентай қыз бар. Оны сақтап қалуға тырысамын. Оны аялап, қорғайтын боламын. Уәде беремін, Макося. Мені бірден таныдыңыздар ма?” – деді ол.

Көпшілік Мақпалды бір көргеннен танығандарын атап өткен. “Әрине, таныдық”, “Өте сүйкімді болғансыз”, – деп жазды олар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.