Анасы Болат Жолдасовтың ажырасып кеткенін айтты

0

Айған Жолдасова ұлы Болаттың 3 жылдан бері әйелімен бірге тұрмайтынын айтты.

“Балапаным, жасың құтты болсын!!!Денің сау болсын! Абыройлы бол және видеодағы тілек қабыл болсын”, – деп жазды Айған Жолдасова желіде.

Болатты Димаштың ата-анасы құттықтады.

“Ұзақ өмір берсін, осы шаңырақта той болсын, келін келсін деп әдейілеп ырым қылып әкелдім”, – деді Света Айтбаева ақ гүл шоғырын ұсынып жатып.

Желі қолданушылары не себепті келін жайлы айтып жатқанын білмей дал болды.

2014 жылы Болат Жолдасов шаңырақ көтерген еді. Бірақ анасы ұлының 3 жылдан бері әйелімен бірге тұрмайтынын жазды.

“Айтпасыма болмай жатыр. Ел түсінбей жатқан секілді. Ұлым әйелімен ажырасып кеткен. 3 жылдан бері бірге тұрмайды”, – деп жазды анасы.

Желі қолданушылары анасын ұлының туған күнімен құттықтап, жақсы тілектер жазды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.